Бас бостандығынан шектелген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түнде көшеде жүр: Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пікір білдірді
Бостандығын шектеуге үкім шығарылған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың түнде Алматы көшелерінде достарымен жүрген видеосы тараған еді. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталған адамға қатысты үкім 14 тамызда пробация қызметіне (тіркелген мекенжайы бойынша) орындауға түскенін жеткізді.
"Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады", – деп түсіндірді ҚАЖК.
Еске салсақ, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді. Алайда жақында депутаттың ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тараған болатын.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік