Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігі жасалған: 12 жасында бала босанған қыздың жағдайы белгілі болды

Павлодар облысында 12 жасында өмірге бала әкелген қыздың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер қыздың қалай босанғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Белгілі болғандай, 12 жастағы мектеп оқушысы кесар тілігі арқылы босанып, қазір сәбиімен бірге ауруханада жатыр.

Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде үнемі бақылауда болған. Мектеп оқушысының келбетіндегі өзгерістерді байқаған мұғалімдер дәрігерлерге хабарласқан көрінеді. Жүктілігі расталғаннан кейін қыз жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызылды.

"Қызға қауіп төніп тұрмағанын, баланың жағдайын анықтау үшін тексеру жүргіздік. Он күн ауруханада жатқаннан кейін үйге шығардық. Жүктіліктің 34-аптасында қыз бізге УЗИ-ге келді. Жүктілік қалыпты еді, ұрық мерзіміне сәйкес дамып жатты, ешқандай ауытқулар байқалмады", – деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.


Жақын туысы зорлаған: Павлодар облысында бала босанған 12 жасар қыз туралы жаңа деректер айтылды


Дәрігердің пікірі Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған қызды толғақпен перинаталдық орталыққа жеткізген.

“Қызды тексергеннен кейін оған жедел түрде кесар тілігі жасалды. Салмағы 3360 келі қыз бала дүниеге келді. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Қазір нәресте жасанды жолмен тамақтанып жатыр. Жас ана да дәрігерлердің қамқорлығында", – деп түсіндірді Высоцкая.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанғанын жаздық. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалған.

Талқылау