Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония ғалымдары роботқа адамның тері жасушаларын бекітіп, оны "күлдіру" әдісін ойлап тапты (видео)

Токио университетінің ғалымдары роботқа адамның ғылыми жолмен өсірілген тері жасушаларын бекітіп, оны "күлдіру" әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 3dnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: 3dnews

Жетекші зерттеуші Сёдзи Такеучидің айтуынша, нәтиже қорқынышты көрінеді. Бірақ шынайы роботтарды жасау жолындағы маңызды қадам дейді ғалым. “Күлімсіреген” робот Cell Reports Physical Science журналында жарияланған зерттеуде көрсетілген.

Бұл Такеучи командасының биологиялық және механикалық робототехника технологияларын біріктіру бойынша он жылға созылған зерттеуінің жемісі. 

Болашақта зерттеушілер қан айналымы мен жүйке жүйелерін қоса алғанда, зертханада синтезделген теріге шынайы терінің көбірек элементтерін қосуды жоспарлап отыр. Бұл тері арқылы сіңетін косметика мен препараттарды сынауға арналған қауіпсіз платформаларды жасап шығаруға көмектесуі мүмкін. 

Фото: 3dnews

Такеучидің айтуынша, тірі ұлпаның металдар мен пластмассаларға қарағанда терінің өзін-өзі сауықтыру қабілетіне дейін көптеген артықшылықтары бар. Сондай-ақ ол роботтар үшін неғұрлым шынайы және функционалды жабындарды жасауға көмектеседі. Дегенмен, адамдарды осындай роботтар тудыратын оғаш немесе алаңдататын сезімдерден арылту қиын.

"Менің ойымша, адамның терісіне ұқсас материалдан роботтар жасау және оларды сезімдерін білдіруге үйрету адамдар мен машиналар арасындағы алшақтықты жоюға көмектеседі", – дейді ғалым.

 

Талқылау