Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трампқа жасалған қастандық, Зеленскийдің мәлімдемесі, Тель-Авивтегі жарылыс: Осы аптадағы әлем жаңалықтарына шолу

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне жасалған қастандық осы аптада әлемді дүр сілкіндірді. Сайлауалды науқан кезінде болған бұл жағдай Трамптың жеңіске жетуі мүмкіндігін арттырады дейді сарапшылар. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс жалғасуда. Зеленский Ресейді бейбіт жолмен келісімге келуге көндіру қажеттігін айтты. Ал Израиль Газадағы соғыстың жақын арада бітетінін мәлімдеді. Stan.kz тілшісі әлем жаңалықтарына апталық шолу ұсынады.

Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалды

Пенсильванияда сайлауалды науқанында сөз сөйлеп жатқан кезде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалды. Нәтижесінде екі адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Трампқа қастандық жасаған 20 жастағы Томас Крукс екені белгілі болды. Ол митинг өтіп жатқан жерге жақын орналасқан өндірістік ғимараттың төбесінен оқ жаудырған. BBC-тің Verify тергеу бөлімі снайпер мен Трамп арасында шамамен 130 метршықтық болғанын айтады.

АҚШ құпия қызметінің өкілі Томас Крукс бірнеше рет оқ жаудырғанын алға тартады. Ату бойынша сарапшының талдауына сәйкес атқыш екі рет оқ жаудырғаны, бірінші ретінде үш рет, екінші ретінде бес рет оқ атқаны анықталды.

Джо Байден: Мұндай зорлық-зомбылыққа Америкада орын жоқ

Фото: Reuters

АҚШ президенті Джо Байден өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп, оның отбасы және митингке жиналғандардың барлығы үшін дұғада екенін айтты.

"Джил (Трамп) екеуміз оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Құпия қызметке алғыс айтамыз. Мұндай зорлық-зомбылыққа Америкада орын жоқ", – деді Байден.

Сарапшылар: Трамптың сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі артты

Фото: Reuters

Трампқа жасалған қастандық оның жеңіске жету мүмкіндігін арттырды деп санайды бірнеше республикашыл конгрессмендер.

"Politico" газетінің жазуынша, Трамптың жеңетініне партия мүшелерінің барлығы сенімді болмаса да, қастандықтан кейін Трамп халық тарапынан үлкен қолдауға ие болуы ықтимал.

Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі 61%-дан 67%-ға өсті дейді швейцариялық Swissquote банк тобының сарапшысы Ипек Озкардеская.

"Трампқа қастандық жасау оның сайлауалды науқанының негізгі элементі болады және Байденді президенттік бәсекеден бас тартуға итермелеуі мүмкін", – дейді саудиялық журналист Мамдух әл-Мухайни.

Оның пікірінше, оқиғаның нәтижесінде Трамп позициясы күшейіп, ал Байденнің позициясы әлсіреген.

Трамппен болған оқиға оған сайлау додасында көмектесуі мүмкін екенін айтады Питтсбург университетінің профессоры Дэниел Ковалик.

“Трамп бұл жағдайда өзінің күшті екенін көрсетіп, шығып кетеді. Ал Джо Байден әлсіздігін байқататын болады”, – дейді Ковалик.

Зеленский аумақтарды қайтару туралы мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images

Украина президенті Зеленский әлем Ресейді келіссөз үстеліне отыруға және соғысты тоқтату мүмкіндігін қарастыруға сендіру үшін қысым көрсету керегін айтты.

"Бұл барлық аумақтарды күшпен жаулап алу керек дегенді білдірмейді. Менің ойымша, дипломатияның күші көмектесе алады", – дейді ол.

Сонымен бірге, Зеленский Ресейдің ұрыс алаңындағы әлсіз позициясы Украинаны келіссөз үстелінде күштірек позицияға келтіретінін атап өтті.

Израиль: Газадағы қақтығыс бітуге жақын

Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-тың жағдайы қиындап барады және Газа секторындағы операция аяқталуға жақын деп мәлімдеді.

"Газадағы ХАМАС-қа қарсы соғыстың да бітетін уақыты болады. Кепілгерлерге қатысты келісімге қарамастан, қақтығыстары жалғасуы мүмкін. Алайда соғыстың соңы да алыс емес. ХАМАС-тың Израиль әскеріне қарсы тұруы қиындап бара жатқаны белгілі", – делінген ақпаратта.

Оған қоса Израиль әскері ХАМАС-тың негізгі зымырандық қондырғылары жойылғанын мәлімдеді. Алайда ХАМАС әлі де Израильге, соның ішінде Тель-Авив пен Иерусалимге зымырандық шабуылдар жасауға қабілетті.

Соңғы екі аптада Израиль тарапының мәліметінше, ХАМАС тағы 1 мың жауынгерінен айырылған.

Тель-Авивтегі АҚШ консулдығы жанында жарылыс болды

Фото: Stemgi

Тель-Авивте АҚШ консулдығының маңында болған пилотсыз ұшақтың шабуылынан бір адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

“Түнде Тель-Авивтің орталығында жарылыс болды. Оқиға тергеліп жатыр. Израиль әуе күштері Израильдің әуе кеңістігін қорғау үшін әуе патрульдерін арттырды", – деп хабарлады Израиль қорғаныс күштері.

Тінту кезінде жарылыс болған жерге жақын орналасқан пәтерден ер адамның мәйіті табылды. Тағы он адам жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Тель-Авив мэрі Рон Хулдай қаланың жоғарғы қауіпсіздік режиміне өткенін және кез келген жағдайға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде йемендік Хуситтер жарылысты өз мойындарына алды.

Бұл Хуситтердің Тель-Авивке жасаған алғашқы сәтті шабуылы. Олар АҚШ елшілігін жарып жібермек болған. Йемен жаңа Джаффа ұшқышсыз ұшағын пайдаланған. Оны ешбір қорғаныс жүйесі байқамаған.

Әлемде ірі техникалық ақау: Әуе рейстері тоқтатылып, телеарналар жұмыс істемей қалды

Дүние жүзіндегі ірі техникалық ақау әуежайлардың, банктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тоқтатты.

Американың ірі әуе компаниялары Delta, United Airlines және American Airlines-тің барлық рейстері тоқтатылған.

Берлинде әуежай техникалық ақауға байланысты жұма сағат 10.00-ге дейін жұмысын тоқтатты.

Австралияда техникалық ақау банктерге, әуе компанияларына және бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде ABC арнасына әсер еткен.

Ұлыбританияда Sky News арнасы техникалық ақауларға байланысты жұма күні таңертең тікелей эфирге шыға алмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша техникалық ақауға киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін CrowdStrike компаниясы дайындаған жаңарту себеп болған.

Талқылау