Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депозитарий еліміздегі брокерлерге ресейлік бағалы қағаздардан құтылуды ұсынды

Қазақстандық бағалы қағаздар орталық депозитарийі (KCSD) еліміздегі брокерлер мен басқарушы компанияларға ресейлік бағалы қағаздардан құтылуға шақырды. Бұл АҚШ-тың Ресей ұлттық есеп айырысу депозитарийіне (NRD) қатысты санкциялар енгізілуіне байланысты болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Курсив басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Депозитарий "RU"ISIN кодтары (халықаралық бағалы қағаздың сәйкестендіру коды) бар бағалы қағаздар туралы жеткізді. Олардың соңғы есебі Ресей ұлттық есеп айырысу депозитарийіне жүзеге асырылады.

"Тұтынушыларға хатта Орталық депозитарий көрсетілген күннен кейін “RU” ISIN кодымен бағалы қағаздар бойынша бұйрықтарды орындауда ықтимал шектеулер мен қиындықтар болатынын алдын ала хабардар етеді", – делінген депозитарий хабарламасында.

Депозитарий брокерлер үшін 10 тамызға дейін мерзім белгіледі. Себебі АҚШ Қаржы министрлігінің Ресей ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қатысты бас лицензиясы 13 тамызға дейін қолданыста болады. Бұл кезең брокерлерге ресейлік бағалы қағаздарды қазақстандық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығару туралы нұсқаулар жіберу үшін берілген. Олардың есеп айырысу шоттары NRD-да орналасқан. 


Талқылау