Әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкелді
Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді. 40 жастағы өнер жұлдызы жанкүйерлеріне перзентханадан сәбиімен бірге түскен суретін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Instagram желісінде қуанышты жаңалығын бөлісті.
"Сәлем Әлем! Альхамдулиллях, бізде қыз. Баршаңызға алғыс айтамын", - деп жазды музыкант.
Мақпал Исабекованы пост астына пікірлер жазып, әріптестері мен жанкүйерлері құттықтады.
"Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен Сәлем беріп тұрған! Бауы берік болсын!”, “Қандай қуаныш, шын жүректен құттықтаймын, Макося! Дені сау, сүйікті, бақытты болып өссін!", "Құттықтаймыз! Тез қалпыңызға келіп, ұйқысыз түндер аз болсын!", "Құттықтаймын, керемет жаңалық", – деп жазды желі қолданушылары.
Бұған дейін эстрада жұлдызы өмір сүруді үйретіп, жеке тірлігіне араласқан оқырмандарын орнына қойған болатын.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген