Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда мәслихат депутаты жарты жылда қазақ тілін үйреніп алған

Павлодарда қалалық мәслихат депутаты Зәкіржан Мамлютов мемлекеттік тілді үйренудің өзіндік тәсілін ойлап тапты. Ол жарты жылда мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7152.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: 7152.kz

Жақында Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болған 42 жастағы Зәкіржан Мамлютов – мамандығы бойынша журналист. Қазақ тілін үйренуді мақсат етіп қойған азамат қазір отбасы мен қазақтар арасында осы тілде сөйлесетінін айтты. 

Зәкіржан Мамлютов 1990 жылдары мектепте оқып жүргенінде қазақ тіліне онша басымдық берілмегенін есіне алды. 

“Шынымды айтсам, сол сабақтардан мен іс жүзінде ештеңе ала алмаппын. 2000 жылдары қазақ тіліне сұраныс болған жоқ. Ал қазір қазақ тіліне сұраныс көп. Барлық жерде қазақша сөйлегендерді естиміз. Сондықтан айналамдағы адамдардың не айтатынын түсінгім келеді. Сондықтан бір жыл бұрын қазақ тілін үйренемін деп шешім қабылдадым. Курстарға жазылдым, аптасына екі рет Жастар сарайына барамын. Көктемгі су тасқыны кезінде сәл үзілістер болып қалды. Бірақ қыркүйектен бастап қайта жалғастырамын. Оқытушымен сабақ өткізуден басқа, көлікте “қазақ радиосы” мен қазақша әндер тыңдаймын. Дүкендерде, жанармай құю бекеттерінде, автобустарда – барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын. Нәтижесінде жарты жылда қазақ тілін меңгеріп, айналаммен сөйлесетін деңгейге жеттім. Тұрмыстық деңгейде барлығын түсіндіре аламын. Менің ойымша, егер адам шын қаласа, қазақ тілінде алты айда оңай сөйлей алады”, – деді Зәкіржан Мамлютов.


Талқылау