Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арасында шенеуніктің туыстары бар: Дағыстанда теракт жасағандар туралы деректер пайда болды

Дағыстандағы Махачкала мен Дербентте теракт жасаған бес содыр анықталды. Олардың үшеуі Дағыстанның Сергокалин ауданы басшысының туысы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ұлттық лаңкестікке қарсы комитеттің ақпарат орталығы Дағыстандағы лаңкестікке қарсы операция барысында бес содырдың көзі жойылғанын хабарлаған. Аймақ басшысы Сергей Меликовтың хабарлауынша, олар республиканың Сергокалин ауданынан келген. Лаңкестік әрекеттерден кейін тергеу жүргізіліп жатыр. Содырлардың арасында туыстары болған аудан басшысы Магомед Омаров ұсталды.

Махачкалада қаза тапқандардың арасында 43 жастағы Далғат Даудов, 32 жастағы Абдусамад Амадзиев және 31 жастағы Осман Омаров бар.

Осман Омаров – Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың ұлы.

Дербенттегі содырлардың арасында Омаровтың әйелінің жиені Әли Закаригаев бар. Закаригаев екі жыл бұрын Сергокалин ауданындағы "Әділетті Ресей" филиалының төрағасы болған.

Дербенттегі терактіні жасаған екінші адам Гаджимурад Кагиров – Магомед Омаровтың немере інісі, бұрын ММА файтері болған.

Еске салсақ, бұған дейін Дағыстанның екі қаласында теракт болып, оннан аса адам көз жұмғаны айтылды. 

Талқылау