Астанада жаңадан құрылған ауданға атау берілді
Астанада қаланың жаңа алтыншы ауданы Сарайшық деп аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.
"Біз жаңа ауданның атын таңдау үшін ғалымдармен, тарихшылармен бірнеше кездесу өткіздік. Барлығы 15 нұсқа болды. Солардың арасынан Сарайшық, Сауран, Тұран және Жерұйық деген төрт атауды белгіледік. Кейін жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Сарайшық атауы таңдалды", – деді басқарма басшысы.
Ол Сарайшық Алтын Орданың, Қазақ хандығының астанасы болғанын және саяси ғана емес, мәдени және экономикалық орталыққа айналғанын атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"