Путиннің баспасөз қызметінің қызы Қазақстаннан ЖСН алған
Ресей президенті баспасөз хатшысының қызымен аттас Елизавета Пескова есімді азаматша Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com
"Система" тергеу жобасы бұл ақпаратты Қазақстанның ұлттық сертификаттау орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер қорынан анықтағанын мәлімдеді.
Пескова қазақстандық жеке сәйкестендіру нөмірін 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған, себебі ЖСН Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тіркелген. 2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып аталған.
Қазақстанда ЖСН мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін қажет. Ресейліктер Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін жаппай қазақстандық банктерде шот ашу және Visa мен Mastercard қойған шектеулерді айналып өту үшін ЖСН ала бастаған.
Банктер санкцияланған тұлғаларға қызмет көрсетуді құптамайды. Путиннің баспасөз хатшысының қызы 2022 жылдың наурызында Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың санкцияларына ұшырады. Пескова өзіне қойылған шектеулерді "әділетсіз және негізсіз" деп атаған.