Түркістан облысында жаз жақындағанда қар жауып, жұртты таңғалдырды (видео)
Түркістан облысының Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында жаз жақындағанда қар жауып, тұрғындарды таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Синоптиктер 26 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын мен қар аралас жаңбырдың болатынын болжаған.
Қазгидромет мамандарының айтуынша, мұнда түнде ауа температурасы +3+8 градусқа дейін күрт төмендейді. Облыстың солтүстік және таулы аймақтарында -2 градусқа дейін аяз болжанды.
Жауын-шашын мен тұман жолдардың көрінуін шектеуі мүмкін. Қатты жел автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі ықтимал. Түнде төмен температураға байланысты жолдарда көктайғақ болу қаупі де бар.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады