Ақтөбеде саяжайдағы үйден өрт шығып егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты
Ақтөбедегі саяжай кооперативінде егде жастағы ерлі-зайыпты үйлерімен бірге өртеніп кетті. Көршілерінің мәліметінше, зейнеткерлер мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото сюжет кадрларынан
Бау-бақша ұжымындағы үйдегі өртті көрген көршілері бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Бригада келгенше өртті өздері сөндіруге де тырысқан. Бірақ олардың шамасы жалынның алдын алуға келмеген. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранған.
Үй түгелімен өртеніп кеткен. Өкінішке қарай өрттен кейін зейнеткерлердің денелері табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.
“Осы үйден сегіз бірлік газ және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының пештен қысқа тұйықталуы болды”, – деді Ақтөбе қаласы ТЖБ Астана ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Данарбек Иманғазин.
"Қызым 6 ай оқуын жалғастыра алмады": Автобус қағып кеткен студенттің анасы істің жабылғанына наразы
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"