Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың сотқа келмей қалуына байланысты ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтан журналистер 29 сәуірде Бишімбаевты неге сотқа әкелмегенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Журналистер вице-министрге “29 сәуірде канвой Бишімбаевты сотқа әкеле алмады. Қандай мәселе туындады?” деген сұрақ қойды.

Министр орынбасары техникалық мәселелер болғанын айтты.

“Техникалық мәселелер туындады. Қазір осы факт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін сіздерге мән-жайын хабарлаймыз”, – деді Айдос Рысбаев. 

Ол техникалық себеп айыпталушыны тергеу изоляторынан сот ғимаратына жеткізетін көліктің бұзылуы екенін атап өтті. 

“Көліктің оталмай қалуы, бұзылуы, дөңгелегінің желі шығып кетуі мүмкін. Яғни сол уақытта техникалық себептерге байланысты жүрмей қалды”, – деді Рысбаев. 

Журналистер “Бишімбаев өзіне қол салмақ болды деді. Кей жерлерде қан қысымы көтеріліп, өзін нашар сезінді деген ақпарат тарады. Қаншалықты рас?” деп сұрады. 

“Мұндай ақпарат жоқ”, – деп қысқа қайырды ол. 

Айта кетейік, 29 сәуірде Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот сөзжарысы 10:00-де басталуға тиіс еді. Судья әлдебір мәселелерге байланысты оның кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 

Талқылау