Щучинск қаласындағы құны 19 миллиард теңгеге бағаланған гольф-клубы президенттің іс басқармасына берілді
Құны 19 миллиард теңгеге бағаланатын Щучинск қаласындағы гольф-клубы президенттің іс басқармасына берілді. Бұл клуб бюджет ақысымен қаржыландырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рrotenge Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Рrotenge Telegram арнасы
Бұл гольф-клуб "ҚазМұнайГаз - Сервис NS" коимпаниясының қарамағында. Ал бұл компания бұрын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына тиесілі болған. Қазір ол "QazaqGaz" ұлттық компаниясының қарамағында.
"ҚазМұнайГаз-NS сервисінің" Щучинск қаласында гольф-клубның құрылысына 16 миллиард теңге жұмсалған. Ал қазір бұл актив 19 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
“Енді 2017 жылдан бері жекенің қолына сатуға тырысқан гольф-клубты "Астана-20" қорына сыйға тартуға шешім қабылданды. Бұл қор президенттің іс басқармасына тиесілі. Шын мәнінде, салтанатты нысан мемлекеттік ұйымның бірінен екіншісінің қалтасына ауысады. Нәтижесінде гольф-клуб барлық қазақстандықтың мойнына ілінбек. Себебі президенттің іс басқармасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады”, – делінген басылым жазбасында.
Сонымен қатар осы жылдың қаңтар және ақпан айларында" ҚазМұнайГаз-Сервис NS " 370 миллион теңгеге тағы да акциялар шығарып, оларды өзінің жалғыз акционері – "QazaqGaz" ұлттық компаниясына сатуға шешім қабылдаған. Яғни "QazaqGaz" ұлттық компаниясы "ҚазМұнайГаз-NS сервисін" президенттің іс басқармасына сыйға тартпай тұрып, акцияларды сатқан.