Ұшатын автокөлік алғаш рет жолаушымен көкке көтерілді (видео)
KleinVision компаниясының ұшатын автокөлігі алғашқы рейсін жолаушымен жасады. Аталған көлікті электронды музыка пионері Жан-Мишель Жарр сынап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ұшақ Словакияның Пьештяни әуежайынан ұшты. Klein Vision қысқа рейстің видеосын жариялады. Көлік ұшу-қону жолағынан ондаған метр жоғары көтеріліп, қайта жерге қонды.
Словакиялық Klein Vision компаниясы 2019 жылы AirCar моделінің алғашқы рейсін жасады. Қанаттары жиналатын көлік 300 км/сағат жылдамдыққа жетеді және ауада 1000 километрден астам жол жүре алады. Көліктің ең жоғары биіктігі – 2,5 мың метр.
AirCar ұшу сертификатын 2022 жылы алды. Көлікті жүргізу үшін ұшқыш куәлігі болуы керек. Сондай-ақ көлік иелері екі айға жуық арнайы оқудан өтуі керек.
Айта кетейік, бұған дейін Шри-Ланкада жарыс көлігі бір топ адамды қағып кеткені туралы жазған едік. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккен еді.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ