Шри-Ланкада жарыс кезінде апатқа ұшыраған автокөлік жеті адамның өмірін қиды
Шри-Ланкада жарыс көлігі бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Автокөлік Фокс-Хилл тас жолының қоршалмаған бөлігінде келе жатып, жарыс көруге келген адамдарды қағып кетті. Жарысты тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналған.
Видеода маршалдар аударылып қалған көліктің жанында сары жалауды желбіретіп, басқа жүргізушілерге жылдамдықты азайтуды ескертеді. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан қызыл көлік бір топ адамды қағып кетеді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза болғандардың арасында 8 жастағы қыз бар. Зардап шеккен 21 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың төртеуі ауыр халде.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып