Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік те, ақша да жоқ: Қазақстанда жүрілген автокөліктерді сатып алу кезінде алаяққа алданатындар көбейген

Қазақстанда жүрілген автокөліктерді сату және сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалатындардың саны артқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бір ғана Ақмола облысында өткен жылы осындай 14 қылмыс тіркелген. Алаяқтар көлік иелерін онлайн платформалар мен тегін хабарландырулар сайты арқылы құрығына түсіреді екен.

Осындай алаяқтардың арбауына Көкшетау қаласының тұрғыны түсіп қалған. Ер адам өзі қалаған модельді тауып, бағасы тартымды болып көрінген соң, сатушыға алдын ала ақша жіберген. Соңында ақша да, көлік те жоқ.

“Хабарландыруды тауып алып, алдын ала төлем жасауды сұрадым, сұраныс көп екенін айтты. Кім бірінші депозит жіберсе, көлікті сол алады. Мен ақша жібердім, сатушы байланысқа шығуын тоқтатты”, – дейді жәбірленуші. 

Алаяқтар іздерін жасыру үшін түрлі схемаларды пайдаланады: жалған нөмірлерден қоңырау соғады, үшінші тұлғалардың атынан есепшот ашады.

“Өткен жылы ғана Ақмола облысының тұрғыны ұсталды, ол да көлік сатамын деп жалған хабарландырулар орналастырып, содан кейін аванстық төлем алған. Ол ертең көлікті өзі әкеліп беретінін немесе Көкшетауға келіп алып кетуіне болатынын айтқан, содан кейін ол жоғалып кеткен. Астрахан облысының тұрғыны сайттан көрген Фольксваген Гольф көлігіне ақша төлеген. Алдын ала 700 мың теңге аударып, көлікті Осакаровкадан алуға барады. Ол жерде ешқандай көлік жоқ екені анықталды”, – деді Ақмола облыстық  криминалдық полиция басқармасының бастығы Сағандық Жантеміров.

Талқылау