Ақтөбеде қор директоры ерекше балалардың еміне бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін қамауға алынды
Ақтөбеде More Life қоғамдық қорының директоры екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ол ерекше қажеттілігі бар балаларды емдеуге арналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді. Айрықша ірі көлемдегі қаражатты ұрлау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Тергеу мәліметінше, қор директоры 2023 жылы алаяқтық жасау мақсатында жәбірленушілердің бірімен ДЦП диагнозымен есепте тұрған қыздың емделуіне 30 миллион теңге көлемінде қаражат өндіру туралы келісімге келген.
"22 миллион теңгені жинап алған соң, жәбірленуші мен оның кәмелетке толмаған қызын Минск қаласына емделуге жіберген. Сөйтсе ақша медициналық мекемеге аударылмаған", – делінген хабарламада.
Сот күдіктіге екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Барлық зардап шеккендердің саны мен келтірілген шығын көлемі белгіленді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті