Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар болашақта алатын зейнетақысын алдын ала жоспарлай алады

Қазақстандықтар енді қалаған зейнетақысын алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қанша жарна салып отыру керек екенін есептей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын іске қоспақ. Осылайша қазақстандықтар қалаған зейнетақысын алу үшін БЖЗҚ-ға қанша жарна салу керек екенін есептей алады.

Сондай-ақ жеке зейнетақы жинақ жоспары пайдаланушыға өз бетінше:

- зейнетақы жинақтарының қазіргі көлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің қажет сомасы негізінде жарналардың қажет сомасын есептеуге;

- жеке жинақ жоспарының орындалуын бақылауға (автоматтандырылған жеке хабарламалар жүйесі арқылы) мүмкіндік береді.

Болашақ зейнетақыны жоспарлау қызметі БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинетте қолжетімді. Оған кіргенде пайдаланушы осы қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы бір реттік хабарлама алады.

"Салымшы өзінің зейнетақы жоспарының орындалу барысын бақылайды, сондай-ақ жоспардың орындалу барысын ай және жыл бойынша пайыздық және ақшалай түрде қадағалай алады. Мысалы, зейнетақы жинағының жетіспейтін сомасын ерікті зейнетақы жарналары есебінен толықтыра алады", – делінген хабарламада.

Қордың баспасөз қызметі салымшы жеке жоспарының кіріс параметрлерін кез келген уақытта өзгерте алатынын, мысалы, қалаған зейнетақының басқа мөлшерін көрсетіп, жаңа жоспар құра алатынын атап өтті.

Талқылау