Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді (видео)
Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін өртеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі atpress.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрлардан куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.
“1961 жылы туған азамат Б-ның 70% денесін күйік шалған. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажет медицина көмегі көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған