Қорғас ісі: Қожамжаровтың қол астындағы тағы бір қызметкері қамауға алынды
"Қорғас ісі” бойынша бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың тағы бір бұрынғы қол астындағы қызметкері Кенжебек Жұмабеков қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Кеше экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Жұмабеков қаржы полициясының бұрынғы агенті, "Бетон" лақап аты бар Талғат Махатовтың жақын досы, қазір ол қаңтар оқиғасы бойынша айыпталушы.
Айта кетейік, 2023 жылдың 15 желтоқсанында атышулы "Қорғас ісі" бойынша тергеудің қайта басталғаны ресми түрде расталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі