Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды
Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды. Ол Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет ресми Орталық коммуникациялар қызметі сайтынан
Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығында жариялады.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалсын", – делінген жарлықта.
Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер болып тағайындалды. Оған дейін ол вице-премьердің міндетін атқарушы болды. Кейін министрлер кабинеті басшысының орынбасары, сонымен бірге сауда және интеграция министрі қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда