Бұрынғы төтенше жағдайлар министрінің ұлы Игор Ильин "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясына басшылыққа келді
Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин "Karabatan Utility Solutions" ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Petrocouncil.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Фото: Petro_council Telegram арнасын
Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. Осы жылдар ішінде "Қазақ мұнай және газ институты" ЖШС ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры, сондай-ақ "Aventis group" ЖШС-де жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ сауда үйінің басшысы, кейін "Самұрық-Энерго" АҚ дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
"Karabatan Utility Solutions" ЖШС Атырау облысындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының өндірістік және жалпы зауыттық инфрақұрылым нысандарының құрылысының операторы болып табылады.
Компания "Самұрық-Қазына Өндеу" ЖШС еншілес кәсіпорны болып табылады және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобына кіреді.