Су мен дәрі-дәрмек тапшы: Газа секторында қалып қойған отбасы туралы ақпарат тарады
Желіде Газа секторында қалып қойған қазақстандық отбасы туралы ақпарат тарады. Дереккөздің айтуынша, Қазақстан азаматтары Ирина мен Эль-Сұлтан (этникалық палестиналық) отбасы қазір Газа секторында тығылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qumash басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы отбасының жағын дос айтып берді. Олар Алматыда тұрып, жұмыс істеп жүрген. Ресми түрде Қазақстан азаматтары.
Бір ай бұрын олар Газа секторына әкемнің туыстарына, соның ішінде әжеме қонаққа кеткен. Олар 4 қазан күні ұшып барған, 30-да қайту керек еді. Бірақ соғыс басталып кеткен.
Қазір Эль-Сұлтан отбасы Дейр әл-Балах аймағында, БҰҰ мектептерінің бірін паналауда. Қазіргі таңда мектепте он мыңға жуық адам тұрып жатқан көрінеді. Су мен дәрі-дәрмек тапшы.
Отбасы қашан елге қайтатындарын білмейді. Олардың бір ғана үміті Қазақстан билігінде. Бірақ әзірге олардан мерзімі мен эвакуация жоспары туралы нақты ақпарат болған жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"