Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңғар Нұртас мұсылмандық неке қидырды

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас үйленді. Екінші рет отау тігіп отырған күйеу жігіт қалыңдығымен мұсылмандық неке қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

https://www.instagram.com/zangaar/

Ол көктемде Жібек есімді арумен бас қосып, дәм-тұзы жараспай ажырасқан болатын.  

“Алла некелеріңді хайырлы қылсын, екі дүниеде жұптарың жазылмасын! Иманды салихалы ұрпақтарың көп болсын, саған қызымыз аманат”деп, Рабиға анам батасын берді”, – деп жазды парақшасына Заңғардың өзі. 

Екі жастың некелеріне бақыт тілеп, ақ тілегін жолдап жатқан қалың оқырманда есеп жоқ. Алайда тойда төбе көрсетпеген күйеу жігіттің туған ағасы мен жеңгесі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованы да оқырман іздеп жатыр. Бұл туралы жұлдызды жұп жақ ашпады. 

Түркістан музыкалық драма театрының актрисасы Жұлдыз Әбдікәрімова: “Дайындықтамын. Театрда кездескенше” деп театр сахнасынан жазба жариялады. Ал Қайрат Нұртас сахнада рөл сомдап тұрған Жұлдыздың фотосын “сториске” салып қойды.   

 

Талқылау