"Жаңбыр мен қар күтіледі": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет мамандары алдағы демалыс күндерінде үш қалаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ал жұма күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Астана қаласында
27 қазан күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұманды болмақ. Батыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0-2°С-ты көрсетеді.
28 қазан күні көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8°C, күндіз +1+3°C-ты көрсетеді.
29 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +3+5°С.
Алматы қаласында
27 қазан көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтілмек. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +11+13°С.
28 қазан көшпелі бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.
29 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +17+19°С.
Шымкент қаласында
27 қазан көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.
28 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.
29 қазан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +20+22°С.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
