Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанға өзінің аумақтық тұтастығын қорғауда көмектесуге дайын екенін жеткізді

Республика күнімен ресми құттықтауында Ресей елшілігі Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар елді қорғауға көмектесуге дайын екенін алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cурет Ақордадан

Елшілік Ресей үшін Қазақстан тек көрші мемлекет емес, сонымен қатар сауда-экономикалық алмасушы ел екенін түсіндірді. 

Құттықтауда Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын Ресей қолдайтыны айтылған. Және қажет болған жағдайда қорғауға көмектесуге дайын сенімді одақтас және интеграциялық серіктес екенін де жеткізген.

"Қазақстан мемлекетінің сенімді прогрессивті дамуын, экономикалық көрсеткіштердің өсуін, сыртқы саясат саласындағы және басқа да көптеген салалардағы табыстары қуантады. Бұл біздің елдеріміздің стратегиялық серіктестігінің ортақ мүдделеріне сәйкес келеді және аймақ пен еуразиялық кеңістіктің тұрақтылығына үлкен үлес қосады", - делінген құттықтауда.

Ресей елшілігі Қазақстан халқының өз Отанын қаншалықты шын жүректен бағалайтынын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сәйкес Жаңа Қазақстанды құруға табандылықпен кіріскенін атап өтті.

Талқылау