Әлеуметтік желіде Қазақстанға Израильден улы парацетамол тасымалданғаны туралы ақпарат тарады
Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желіде Израильде жасалған өлімге әкелетін парацетамол дәрілері отандық дәріханаларға жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Оның фейк екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлімге әкеледі деген ыстық түсіретін дәрі туралы мұндай ақпарат 2019 бен 2020 жылдары тараған. Деректерге сай суреттерде көрсетілген препарат Израильде емес, Үндістанда өндірілген болып шықты. Мұны дәрі-дәрмектің қаптамасындағы "Apex" өндірушінің атауынан байқауға болады. Және бұл дәрінің қауіпті емес екені де анықталды.
Бұған дейін желілерде бұл дәрілердің құрамында өлімге әкелетін "мачупо" вирусы бар деген ақпарат тарады. ҚР Фармация комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай дәрі негізінен қазақстандық дәріхана сөрелерінде жоқ екенін атап өтті.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”