Алматыда туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы қадаған әйел ұсталды
Алматыда туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы тығып алған әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram/mariyamariya1
Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетовтың айтуынша, бұл факті Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
"1978 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушінің алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу шараларының нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады", – деді Қайрат Нұрмағамбетов.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы туристік агенттіктің қызметкеріне клиенттерінің бірі шабуыл жасап, қайшы тығып алғаны туралы жазған болатынбыз.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"