Иран делегациясының өкілі Әли Әкбар Зиәи Құранды өртейтіндермен бірлесіп күресуге шақырды
Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшысы Әли Әкбар Зиәи құран кітабын өртейтіндердің артында түрлі саяси астар жатқанын айтты. Иран делегациясының өкілі Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысында осы мәселені көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ирандық делегация өкілі бұл мәселені шешпесе, түбі қақтығыстардың өршуіне әкеп соқтыратынын айтты. Сол себепті шешу жолдарын ұсынуға дайын екенін жеткізді.
Ол Құранды қорлайтындарға дін лидерлері жол бермеу керектігін баса айтты. Өйткені мұндай әрекетке баратындардың астарында саяси астардың болуы анық деп санайды. Ол дін лидерлерін осындай әрекетке баратындармен бірлесіп күресуге шақырды. Жағдайды бақылауға алмаса қоғамда қақтығыс пен түсінбеушіліктер өршіп кететінін жеткізді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған