Рульде отырған ит жылдамдық камерасына түсіп, иесіне айыппұл салынды
Словакияда аңшы итін өз көлігінің руліне отырғызған. Айыппұл салған полицейлерге ол иттің өзі алдына секіріп отырғанын айтып ақталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Cурет ВВС-ден алынған
Жол ережесін бұзушылық жылдамдық камерасына түсіп қалған. Словак полициясы Facebook парақшасында жариялаған суретте Skoda көлігінің жүргізушінің орнында ит отырған.
Көлік иесінің айтуынша, оның Джавино есімді үй жануары сол сәтте кенеттен оның тізесіне секірген. Бірақ полицейлер фотосуретке қарап олай болмағанын айтады. Өйткені камера көлік ішіндегі кенет қозғалыстарды тіркемеген.
Жол ережесін бұзғаны үшін көлік иесіне сол жерде айыппұл салынды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды
