Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аишаны Болат Назарбаев алып кеткен": Әнші Бүркіт ұзақ уақыт бойы халық арасында жүрген қауесетке қатысты пікір білдірді

Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейтов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында жұбайы Аишаны Болат Назарбаев алып кеткен деген ақпаратқа қатысты жауап берді. Әнші лауазымды тұлғаның тойларына барып, дастархандас болғандарын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет бағдарламадан скринделген

Әнші бұл өсектің жүргеніне бірнеше жылдан асқанын алға тартты.

“Мысалы 20-30 әннің арасынан бір ән ұзақ уақыт хит болады ғой. Өсектердің арасында да хит болатыны бар екен. Кәдімгідей адам сеніп кетеді екен. Менің психикам дұрыс адам болмасам өзім де сеніп қалар едім”, – деді Бүркіт. 

Әнші ол кісі шақырған тойларға Аишамен бірге барып, ән айтып, дастарханына ортақтасқанын жасырмады. 

“Ешқашан ол кісіден ондай сөз бен әрекеттерін естіген емеспін. Алып қашпа әңгімені жаза береді. Одан соң Бүркіт барып атысып, қырылысып зорға дегенде екі-үш күннен кейін қайтарып алыпты деген. Сөзім жоқ. Өсек шығарған адамды табу керек еді негізі. Егер ондай болса, осы уақытқа дейін еститін еді ғой. Жанымызда жүр ғой, Мақпал әпкеміз бар, Жүнісова. Тағы көп әнші бар, ұйымдастырушылар бар. Еститін еді ғой біреуі, көретін еді. Біз әрқашан да баратынбыз. Ол кісінің керісінше ондайы жоқ, сабырлы. "Қалай балам, жақсы ма бәрі?" дейді. Өзінің дастарханына отырғызып қояды. Талай тойларына бардық қой. Ақшасын береді, төлейді. "Болды, жақсы, рақмет" деп қайтамыз”, – деді өнер иесі.

Бүркіт қазір Болат Назарбаевтан ұялып жүргенін де тілге тиек етті.

“Ол кісіге де жеткен шығар бұл өсектің бәрі. Әдейі жасап жатқан сияқты. Бұл - өтірік, өсектің нағыз өсегі. Аиша да "елдің бәрі әбден сенетін болды-ау, қанша жыл болды" дейді. Жарайды енді, не істейміз енді? Мен бұл туралы ешқашан еш жерде сұхбат берген жоқпын. Бір-ақ рет Instagram-да айтқанмын, "Осындайларыңды қойыңдар, өтірік-өсектерге сене бермеңдер" деп айтқанмын. Ал телеведениеде ешкімнің мұндай сұрақ қоюға дәттері бармаған. Мен дайын тұратын едім жауап беруге. Ол кісілер әншілерге өте жақсы қарайды. Мұны көреалмаушылық деп ойлаймын. Ондай адамдарды құдайдың өзі кешірсін. Бәрі әбден сенетіндей болып кеткен. Өтірік мұның бәрі өсек, құдай сақтасын”, – деп қорытты ол. 

Әнші “Аишаны қайтару үшін Путинге дейін шығып Болат Назарбаевтың аяғына оқ атыпты” деген ақпараттардың бәрін жоққа шығарды. 

Талқылау