Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындар кінәлі": Ақтауда егеуқұйрық қаптады

Ақтауда Каспий теңізінің жағасында қаптап жүрген егеуқұйрықтар қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Каспий теңізінің жағасында жүрген кеміргіштерді қала тұрғындары түсіріп алған.

Теңіз жағасындағы тастардың арасында жүрген егеуқұйрықтардың көлемі үлкен. Кеміргіштер тіпті адамнан да қорықпайды. Қалған-құтқан тамақтарды жеп жүр. Мамандар зиянкестердің көбеюіне тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Теңіз жағасында тамақ ішіп, қалдығын тастап кетеді. Ал, мұндай жерге тышқан үйір болатыны сөзсіз. Сондай-ақ қалада уақтылы улау жұмысы жүргізілмеуінен де кеміргіштер көбейеді деп отыр СЭС мамандары.

“Әлеуметтік желіде тышқандардың көбейген видеосын салып жатыр. Жалпы кеміргіштермен күресу үшін тазылық сақтау керек. Кейде адамдар тамақ қалдықтарынәр жерге тастап кете береді. Ал одан кеміргіштер пайда болады. Жалпы қалада 10 жылға жуық жәндік пен кеміргіштердің орналасқан жерін анықтап, улау жұмысы жүргізілмеді. Бұл жұмыс жоспармен жүргізілуі керек”, – дейді Ақтау санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова.

Талқылау