Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" Көкшетауда тағы бірнеше үйді жоғары жылдамдықты интернетке қосты

"Қазақтелеком" Көкшетауда тағы 15 тұрғын үй кешенін жоғары жылдамдықты интернетке қосты. Осылайша 800-ге жуық отбасы замануи жылдам желінің қызығын көруде. Бүкіл республика бойынша GPON оптикалық-талшықты магистралін белсенді дамытып жүрген компания осылайша ел аймақтарындағы тұрғындарды қуантуда.

"Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионы Орталық аймағының В2С-сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірованың айтуынша, GPON технологиясының ең басты артықшылығы мұнда 500 Мбит/с дейін қосылу жылдамдығы мен контентті бір уақытта әртүрлі құрылғыларда көру мүмкіндігі бар. 

"Жаңа абоненттерді өтінім бергеннен кейін GPON қызметіне 24 сағат ішінде қосамыз. Тек пайдаланушы аймағында қосылуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана кедергілер болуы мүмкін. Дегенмен, бұл шектеулер біртіндеп жойылып келеді. Сонымен қатар желіге қосу кезінде біз абоненттерге отбасының әрбір мүшесі үшін ең оңтайлысын таңдауға бірнеше тарифтік жоспар ұсынамыз. Себебі GPON технологиясының артықшылықтары көп”, - деді Әлия Ескендірова. 

Айта кету керек, GPON – абонент пәтеріне кабель өткізу арқылы орнатылады. Яғни бір уақытта бір сымды жүргізу арқылы бірнеше байланыс қызметіне қол жеткізуге болады.

Көкшетау қаласындағы "Қызыл жар" кешенінің тұрғыны Айгүл Мұхамеджанова бұрын көршілерінің осы ұялы байланыс интернетін пайдаланғанын жеткізді. Айтуынша, қазір өздеріне де қосып, пайдасының орасан зор екеніне көз жеткізген.

"Шексіз ұялы байланыс, үй телефониясы және жылдам интернеті бар "Bereket" тарифіне қосылдық. Осы тариф маған бәрінен де ең тиімдісі болып көрінді. Қазақтелеком қызметін қосудың арқасында отағасы футбол көрсе, мен Астанада оқитын үлкен қызыммен бейнебайланыс арқылы сөйлесе аламын. Сонымен қатар, мектепте оқитын кіші қызыма пакет арқылы шектеусіз пайдалана алатын ұялы байланыстың болуы өте ыңғайлы", - деп бөлісті Айгүл Мұхамеджанова.

"Қазақтелеком" ел аймақтарына жоғары жылдамдықты желіні орнатуды жалғастыруда. Компания Ақмола облысында 62 жаңа тұрғын үй кешенін GPON технологиясына қосу жоспарланғанын жеткізді. Демек, шамамен 100 үй, 74 жеке шаруашылық, барлығын қоса алғанда шамамен 6 000-ға жуық отбасы жылдам желімен қамтамасыз етіледі. Келесі жылы өңірде GPON технологиясы бойынша жаңа магистральдық желі салынады. Осылайша, тағы 2000-нан астам көкшетаулық отбасы "Қазақтелекомнан" жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек.

Талқылау