Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында атыс болып, төрт адам жарақат алды, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті.
"Адам өліміне алып келген атыс 7 қыркүйек күні болған. Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталып жатыр", - деді Бауыржан Әленов.
Айтуынша, қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындау мен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен