Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысына 9 ай ғана әкім болған Сапаров осы мерзімде не бітіргенін айтты

Жақында ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған Айдарбек Сапаров бұрын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған еді. Шенеунік өзінің тоғыз айда не істеп үлгергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сапаров журналистердің сұрағына Ақорданың алдында жауап берді. 

"Тоғыз ай деген әжептәуір мерзім. Тоғыз айдың ішінде біраз жұмыс жасалды. Біріншіден, бүкіл ауданды аралап шықтық, әр ауданға жоспар жасаттық. Келешегін қалай дамыту керектігін ойластық. Әкімдер жұмыстарын белгіледі. Жол, су, көлік байланысы мәселесі шешіле бастады. Сондықтан келешекте әкім (сол облысқа барған) сол жұмыстарды жалғастырады деп ойлаймын", – деді министр. 

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан облыс тұрғындары жайылым жер жоқтығына, оның бәрін бай-манаптар алып алғанына шағымданған еді. Сапаров осы мәселе жөнінде пікір білдірді. 

"Ол жерде бұл мәселелер кезінде болды. Үлкен компаниялар жұмыс жасаған. Олар банкротқа кеткеннен кейін бөлек инвесторлар келді. Мысалы, үлкен компанияда 27 инвестор болса, қазір орташа 27 компания келеді. Олардың бәрі жұмыстарын істеп жатыр. Пайларын таратуда. Енді ұсақ мәселелер сот арқылы шешіледі", – деді ол. 

Талқылау