Павлодар маңында анасы мен екі баласы мінген көлік өзенге батып кетті
Павладарское ауылында анасы мен екі баласы мінген көлік өзенге батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Павлодар ауылында болды. Өзенге ағып кеткен көліктен ана мен кәмелетке толмаған екі баланың мәйіті шығарылды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар 25 тамыз күні сағат 22:53-те Ертістен қаза болғандардың денесін шығарды.
"1980 жылы туған әйел мен оның 6 және 9 жастағы екі баласы қаза болды, олар сағат 21:40 шамасында көлікте келе жатып, өзенге ағып кетіп, адамдар көліктің ішінен өздігінен шыға алмай қалған", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Оқиға орнында бес адам мен екі техника жұмыс істегені хабарланды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді