Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда үрлемелі матраста шомылған үш қызды толқын теңізге ағызып кеткен

Маңғыстауда үрлемелі матраста отырған үш қызды толқын ашық теңізге ағызып кетті. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалған қыздарды теңіз жағасынан тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қыздарды іздестіруге техникалар ұйымдастырылған.

"Ақтаудан 50 шақырым жерде Төтенше жағдайлар департаменті, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері пневматикалық төсенішпен ашық теңізге ағызып кеткен үш қызды іздестіруде. Іздестіру жұмыстарына "Қазавиаспа" тікұшағы жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарының нәтижесі кейінірек хабарланады", - деп түсіндірді ведомстводан.

Ал із-түзсіз жоғалған қыздарды іздеуге көмек сұраған үндеу әлеуметтік желіде де тарап жатыр. Бұл үшін дроны бар адамдардың көмегі қажет екені атап өтілген.

Кейінірек құзырлы органдар қыздардың табылғанын мәлімдеді. 

“05-57 Кеме Сұңқар ЖШС "Казмотрансфлот" Ақтау 22 шақырым шамасындағы қашықтағы теңіз жағасынан 3 қыз табылды. Қызметкерлер саны 15 адам. Кеме капитаны Никитин И.В. Қыздардың жағдайы қалыпты, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазір Ақтау портына жеткізілуде”,- деді ведомство. 

Талқылау