"Бейбіт күнде бір-бірін талауда": Қоғам белсендісі тегін зат тарататын акцияларды заңмен реттеуді ұсынды
Елімізде бірнеше мәрте түрлі өңірде тұрғындар тегін заттар үшін бір-бірін таптап кете жаздаған еді. Қоғам белсенділерін бұл жағдай алаңдатып, олар шара қабылдауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін Ақтөбеде тегін дөнер, Қызылордада тегін палау, ал Атырауда тегін сыйлық таратылған кезде жұртшылық бір-бірін таптап кете жаздап, кептеліс жасаған еді. Қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев мұндай акцияларды тоқтатуды сұрады. Ол мұның соңы қайғылы оқиғамен аяқтала ма деп алаңдаулы.
“Украинада соғыс болып жатса да, жеміс-жидек, азық-түлік тарататын кезде бәрі кезекке тұрып, бір-бірін күтеді. Өз қаптарына керек затты алып, қайтады. Түркияда болған зілзалада баспанасыз қалса да, палауға таласпай, кезекпен алып, кетіп жатыр. Ал бізде бейбіт күнде халық бір-бірін талауда. Мұны тез арада заңмен реттеу керек, тіпті тегін акцияларға тыйым салу қажет. Әйтпесе бұлай жалғаса берсе, өліммен аяқталуы мүмкін”, – деді белсенді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"