Лифтте оқушы қызды қорламақ болған қарағандылыққа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Қарағандыда кәмелетке толмаған қызға лифтте тиіскен ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы жылдың наурыз айында мектеп оқушысының анасы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам қызын лифтте қорлағанын айтып, полицияға шағымданған. Қылмыстық істі тергеу екі айдан астам уақытқа созылды. Ақырында тергеу қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Прокуратурада тергеу қорытындыларымен келіскен.
"Тұрғын үй ғимаратының лифтінде орын алған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс 13 наурызда тіркелді. Іс бойынша лифттегі бейнебақылау камерасының жазбасын егжей-тегжейлі қарап, барлық қажетті тергеу әрекеттері және сот сараптамалары жүргізілді. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы бұл шешімді бекітті", - делінген Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Айта кетсек, Қарағандыда лифтінің ішінде 15 жастағы қызға азғындық жасап, пәтеріне "көңіл көтеруге" шақырған ер адам ұсталған болатын.
Бейне бақылау камерасына түсіп қалған видеодан 23 жастағы ер адамның жасөспірімге тиісіп, лифтіден шығармай қойғанын көруге болады. Кейін қызды сүйіп, көз жасын сүртеді.