15 жылға сотталған қазақстандық әйел Қырғызстанда ұсталды
Ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бірнеше жыл бойы қашып жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2010 жылы Жамбыл облысының соты оны мүлкін тәркілеп, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Тергеушілердің айтуынша, әйел сату үшін бір келіден астам гашишті Қазақстан шекарасынан өткізген.
Оған үкім шықса да, түрмеге жіберілмеді. Себебі баласының жасына байланысты жаза мерзімі оның 14 жасқа толуына дейін кейінге қалдырылған.
Әйел шартты түрде босатылған, бірақ 2017 жылы ол жоғалып кетті. Кейіннен оған іздеу жарияланды. 2026 жылдың наурыз айында қашқын Бішкекте ұсталды. Бас прокуратураның өтініші бойынша ол елге экстрадицияланды.
Әйел қазір тергеу изоляторында. Ол 16 жыл бұрын сот тағайындаған жазаны өтеуі керек.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
