Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысындағы өртке байланысты жедел желі іске қосылды

Абай облысындағы табиғи өртке байланысты "жедел желі" іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел телефон желісі ашылды, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаменті психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж тұрғындар 112 және 101 телефондары арқылы да хабарласа алады", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы табиғи өрт салдарынан орман шаруашылығының 3 қызметкерінің қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. 

 

 

Талқылау