Абай облысында орман өртінен 3 адам қаза тапты: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Абай облысында алапат өрттен орман шаруашылығының 3 қызметкері көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат аенттігі хабарлайды.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.
Тоқаев үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы орман өртінен ауыл халқы үдере көшіп, шарпыған өрт аумағы 30 гектарға жеткенін жазған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін