Хабиб командасының америкалықтармен жекпе-жегі Қазақстанда өтеді
Америкалық B-Team Jiu-Jitsu командасы UFC аты аңызға айналған Хабиб Нурмагомедовтың командасына қарсы грэпплинг жекпе-жегі Қазақстанда өтетінін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты B-Team мүшесі Этан Крелинстен растады.
"Командалық турнир Қазақстанда өтеді. Біздің команда Хабиб Нурмагомедовтың командасына қарсы. Хабибтің өзі күреспейді ол команданы жаттықтыратын болады", - деді Крелинстен The Simple Man подкастында.
Хабиб Нурмагомедов ММА мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 29 жеңіске жетті. 2020 жылдың қазан айында ол жеңіл салмақта UFC әлем чемпионы атағымен спорттық мансабын аяқтады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды

