Шымкентте 15 жастағы жасөспірім газға уланып, көз жұмды
Шымкентте 15 жастағы бала көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Ал інісі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 наурыз күні қаладағы үйлердің бірінде орын алды. Балалар үйде жалғыз болған.
Оқиға орнынан жедел жәрдем 12 жасар баланы ауруханаға жеткізді. Ол ауыр жағдайда. Ағасы улы газбен уланып, сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиға туралы ҚазТрансГаз аймақтың жергілікті филиалында айтылды.
"Су жылытқыштың мұржасы қабырға арқылы сыртқа қабырға деңгейінде шығарылып, полиэтилен пакетімен жабылған. Жылытқыштың мұржасында тартқыш жоқ. Онда үйішілік газ жабдығы туралы келісім болмады", – деп мәлімдеді ҚазТрансГазАймақ филиалының баспасөз қызметі.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп