Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада үш баланың анасын ұрып өлтірген ер адамға сот үкім шығарды

27 жастағы Ажар Шадиеваның күйеуі Руслан Отарбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен жәбірленушінің мүддесін қорғаған адвокат Саида Сүлейменовамын. Біз қатаң режимдегі колонияда өмір бойына жазалануын сұрадық. Бұл осы баптың санкциясы бойынша ең ұзақ мерзім", - деді жәбірленуші тараптың өкілі.

Қызылорда қаласының судьясы Ажар Шадиеваның бұрынғы 29 жастағы жұбайы Руслан Отарбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. 

Сонымен қатар, сот шешімімен Ажар Шадиева мен сотталған жұбайының үш баласына көз жұмған әйелдің анасы қамқоршылық жасайды. 

Жантүршігерлік оқиға биыл 3 қыркүйек күні Қызылордадағы кафелердің бірінде болған еді. Ерлі-зайыптылардың өзара жанжалы төбелеске ұласып, 27 жастағы келіншек ауыр соққыдан жан тапсырған болатын.

Сол күні марқұм Ажар Шадиева күйеуі Руслан Отарбаевпен бірге караокеге барып, туған күнін атап өткен. Сауық кештің соңында ерлі-зайыптылар арасында ұрыс шығып, ашуға булыққан отағасы әйелін көгала қойдай етіп сабайды.

Ер адам жасырынған досының үйінде ұсталып, изоляторға жіберілді.

Ерлі-зайыптылар 2015 жылы үйленіп, үш балалы болған. Туыстарының айтуынша, Ажар Шапиева барлық уақытта жұбайының қысымын балалары үшін қабылдап, кешірген.

Кейін Қызылорда облысының полиция департаменті 99-бап, 2-бөлім, 5-тармақ бойынша "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс жүргізілгенін хабарлады.

 

Талқылау