"Ауруханаға түсті": Астанада мектеп директорын пәтерінде пышақтап кеткен
Астанадағы орта мектептің директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оған қоса, пәтерден директордың күйеуінің мәйіті табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"26 ақпанда Астана полиция департаментінің 102 арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері.
Полицейлер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етуге жатпайтынын атап өтті.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді