Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күшті жер сілкінісі болса тұрғын үйлердің үштен бірі қирауы мүмкін – Ибрагим Күлшімбаев

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев тоғыз және одан да көп баллдық жер сілкінісі болса Алматының үштен бір бөлігі қирап қалуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алматы

Вице-министр республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі Алматы қаласының 27 тектоникалық бұзылыстарда орналасқанын атап өтті.

“Негізгі қауіпті аймақтар – таулы аймақтар. Медеу, Бостандық аудандарында қауіп жоғары. Ал Түрксіб аймағы қауіпсіз", - деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев. 

Вице-министр сондай-ақ Алматыда күшті жер сілкінісі болса барлық тұрғын үйлердің үштен біріне жуығы қирауы мүмкін екенін алға тартты.

"Мен жер сілкінісі кезінде ғимараттардың 60%-ы қирайды дегенмен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, тоғыз балл және одан жоғары амплитудасы бар жойқын жер сілкінісі кезінде тұрғын үйлердің 30%-ға дейін қирауы мүмкін", - деп қосты ол.

Күлшімбаев сонымен қатар зілзала болған жағдайда азаматтар пәтерлерден тапжылмауы керек екенін ескерте кетті. Сөзінше, Түркияда қаза тапқандардың басым көпшілігі үйден шығамын деп баспалдақ торларында жазым болған. Ол ең дұрысы мұндай жағдайда пәтерде жүк көтере алатын қабырға астында болу екененін жеткізді.

Күлшімбаев қорытындылай келе, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құрылыс нысандарын қабылдау комиссиясының құрамына кірмейтінін айтты. Елімізде бұл жұмыстармен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты әкімдіктер мен құрылыс комитеті айналысады.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 14:03
Талқылау