Қайтыс болған адамды жерлеуге барған достары мен туыстарының өздері тірідей көміліп қалған
Камерунда жерлеу кезінде 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсім ел астанасы Яундедегі футбол алаңында өтті. Марқұмның туыстары мен достары 20 метрлік топырақ үйіндісінің түбіне жиналған. Осы кезде қатты нөсердің салдарынан көшкін жүреді. Салдарынан жерлеуге келгендердің көпшілігі тірідей көміліп қалған.
Құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастады. Оқиға салдарынан 14 адам көз жұмған. Адам денелері үйінділердің астынан алынып, қаланың орталық ауруханасының мәйітханасына жеткізілді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі