"Өз халқым үшін ұяламын": Омбының қазағы қазақтарды Ресей үшін соғысуға шақырды
Омбының қазағы мобилизацияға байланысты Ресейден кеткен қазақтарға ренішін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша Омбыда 30% қазақ тұрады, бірақ ротада 1000 адам ішінде бесеуі ғана қазақ.
"Қазақтар қайда кетті? Бәрің қашып кеттіңдер ме? Бұл жағдай тарихта болады. Балаларың "әке, сен ол кезде қайда болдың?" деген кезде не дейсіңдер? Мойындайсыңдар ма әлде өтірік айтасыңдар ма? Өз халқым үшін ұяламын. Өйткені қазақтардың көпшілігі Омбыдан қашып кетті. Мейлі маған тас атып, аузымды жапқызғысы келсін. Сендер осы елде тұрдыңдар, ақша таптыңдар. Балаларыңды оқыттыңдар. Ал қазір ше? Кинотеатрларда түнеп жүрсіңдер. Басқа жақтан пәтер іздеп жатырсыңдар. Осыдан кейін сендер кімсіңдер? Орыс халқының алдында басымды иемін. Өйткені мұндағылардың барлығы орыстар. Ресей не болса да жеңеді", — деді жас жігіт.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда